Қош келдіңіз
AA+
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Ақылы қызмет
Біз сіздің сұрауыңызды алдық және оны жақын арада өңдейміз! Өкінішке орай, сұрауыңызды өңдеу мүмкін болмады.
Сұрақ-жауап
Қош келдіңіз
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/atyrau-opd.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

 Квантиферон сынамасы

Квантиферон сынамасын зерттеу әдісі.

ELISA ферменттік иммуносорбенттік талдау.

QuanFERON-TB  (OFT) – Квантиферон сынамасы туберкулез инфекциясының in vitro диагностикасына арналған инновациялық сынақ болып табылады. Квантиферон сынағы IGRA (Interferon Gamma Release Assаy) әдісін қолдану арқылы адамдардағы  Т-жасушасының иммундық жауабын бағалауға негізделген. 

M tuberculosis жұқтырған адамдардың қанында әдетте белгілі бір микобактериялық антигендерді танитын лимфоциттер болады. Бұл тану процесі Интерферон ү цитокинін өндірумен шығаруды қамтиды.

Бұл сынақ Интерферон-Y пішіндерінің концентрациясын анықтауға және кейінгі сандық талдауға негізделген.

Сынақ ДДҰ ұсынған және Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 15 қарашада тіркелген (КР-ИМН-5 № 019674)

Квантиферон сынамасының артықшылығы:

  1. Жоғары спецификалық және сезімталдығы, QFT сирек жалған оң және жалған теріс нәтижелер береді, сонымен қатар инфекция жақында болса да, ауруға күдіктенуге мүмкіндік береді.
  2. Қауіпсіздік: QFT аллергия немесе жанама әсерлер тудырмайды, өйткені денеге бөгде заттар енгізілмейді.
  3. БЦЖ вакцинасы QFT нәтижесіне әсер етпейді.

QFT тестілеуінің басым топтары:

  1. Туберкулинді тері сынамаларына (Манту, Диаскинтест сынамалары) қарсы көрсетілімдер кезіңдегі  байланыс және жоғары тәуекел топтары, жүктілік, тері,аурулары, аллергиялық патологияның өршуі жане басқа да медициналық қарсы көрсетілімдер.
  2. 2. Иммуносупрессивті терапияны (ИБП) алғаш рет бастаған адамдар,
  3. Шетелге оқуға интернатураға шығу кезінде медициналық тексеруден өтетін тұлғалар (халықаралық болашақ стипендиясы жане т.б.) 

Тест тапсыру үшін науқас аш қарынға келуі керек, сонғы тамақтан кейін кем  дегенде 8 сағат өткен болуы керек. Бұл кезеңде тек таза суды ішуге рұқсат етіледі.

Зерттеуге арналған материал:  Венадан алынған қан.

Материалды жинау, сақтау және тасымалдау ережелері:

  1. 1. Веноздық қан литий гепарині немесе натрий гепарині 5 мл (жасыл қалпақ) бар  бір қан жинау түтігіне жиналады. Жинау кезіндегі түтіктердің температурасы 17-25°С болуы керек.
  2. Қан алғаннан кейін түтікшені мұқият төңкеру керек (8-10 рет). қанның антикоагулянтпен мұқият араласуын қамтамасыз ету үшін.
  3. Түтікке белгі қою (наукастың аты-жөнін, қан алу күні мен уақытын көрсету).Тасымалдау температурасы 17-27°С болуы керек.
  4. Қан алынған сәттен бастап 16 сағаттан кешіктірмей зертханағажеткізілуі керек.
  5. Қанды тасымалдағанда температураны бақылау үшін термометрі барыдыста орналасқан штативте тік қалыпта жүргізілуі керек. Зертханада қан 4 түтікке құйылып,16-24 сағат термостатта инкубация жасалынады, 16-24 сағаттан кейін анализаторда зерттеу жүргізіліп, нәтижиесі беріледі.

Атырау облыстық фтизиопульмонология орталыгының Мониторинг және Бағалау тобының, мамандары Индер ауданыңа 04-06.09.2024ж аралығында жоспарлы іс-сапарға Көктоғай және Орлик, Будене, Құрылыс дәрігерлік амбулаторияларына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..  

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.