Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бос тұрған Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:
Конкурс өткізілетін күн және орны: 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 16.00-де, Атырау облысы, Атырау қаласы, Сары Өзек аумақ, 1 көшесі, құрылыс 16, Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының ғимараты 2-қабат, директордың кабинетінде өткізіледі. анықтама телефоны (8702 293 28 02) электронды поштаның адресі:
Орналасқан орнын, пошталық мекен, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша енжайы сипаттамасы:
«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, 060011, Атырау облысы, Атырау қаласы, Сары Өзек аумақ, 1 көшесі, құрылыс 16, тел.: (8702 293 28 02);
облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор/бас дәрігер) үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Кәсіпорынның қызметінің негізгі түрлері:
Мемлекеттік лицензия және оның қосымшаларына сәйкес Атырау облысы тұрғындарына медициналық қызмет көрсету және клиникалық диагностикалық зерттеулер жүргізу.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
- он сегіз жасқа толмаған;
- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ретте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
- Қазақстан Республикасының заңнамасындакөзделген өзге де жағдайлар.
Білулері қажет:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;
денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.
Сонымен қатар конкурсқа қатысушылардың мемлекеттік басқару ұйымы бекіткен біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтар негізінде кәсіби білімдері анықталады.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күні ішінде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама;
7) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
9) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға мына мекен - жайға тапсыруы қажет: Атырау облысы, Атырау қаласы, Сары Өзек аумақ, 1 көшесі, құрылыс 16.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 16 желтоқсан аяқталған күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
10) Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
11) Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде ШЖҚ КМК «Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы» келесі мекен-жай Атырау облысы, Атырау қаласы, Сары Өзек аумақ, 1 көшесі, құрылыс 16, бақылау кеңесі хатшысына, 2-қабат №209 (заңгер бөлмесіне) тапсырылуы тиіс, анықтама телефоны (8702 293 28 02)