Қош келдіңіз
AA+
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Ақылы қызмет
Біз сіздің сұрауыңызды алдық және оны жақын арада өңдейміз! Өкінішке орай, сұрауыңызды өңдеу мүмкін болмады.
Сұрақ-жауап
Қош келдіңіз
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/atyrau-opd.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

 Квантиферон сынамасы

Квантиферон сынамасын зерттеу әдісі.

ELISA ферменттік иммуносорбенттік талдау.

QuanFERON-TB  (OFT) – Квантиферон сынамасы туберкулез инфекциясының in vitro диагностикасына арналған инновациялық сынақ болып табылады. Квантиферон сынағы IGRA (Interferon Gamma Release Assаy) әдісін қолдану арқылы адамдардағы  Т-жасушасының иммундық жауабын бағалауға негізделген. 

M tuberculosis жұқтырған адамдардың қанында әдетте белгілі бір микобактериялық антигендерді танитын лимфоциттер болады. Бұл тану процесі Интерферон ү цитокинін өндірумен шығаруды қамтиды.

Бұл сынақ Интерферон-Y пішіндерінің концентрациясын анықтауға және кейінгі сандық талдауға негізделген.

Сынақ ДДҰ ұсынған және Қазақстан Республикасында 2019 жылғы 15 қарашада тіркелген (КР-ИМН-5 № 019674)

Квантиферон сынамасының артықшылығы:

  1. Жоғары спецификалық және сезімталдығы, QFT сирек жалған оң және жалған теріс нәтижелер береді, сонымен қатар инфекция жақында болса да, ауруға күдіктенуге мүмкіндік береді.
  2. Қауіпсіздік: QFT аллергия немесе жанама әсерлер тудырмайды, өйткені денеге бөгде заттар енгізілмейді.
  3. БЦЖ вакцинасы QFT нәтижесіне әсер етпейді.

QFT тестілеуінің басым топтары:

  1. Туберкулинді тері сынамаларына (Манту, Диаскинтест сынамалары) қарсы көрсетілімдер кезіңдегі  байланыс және жоғары тәуекел топтары, жүктілік, тері,аурулары, аллергиялық патологияның өршуі жане басқа да медициналық қарсы көрсетілімдер.
  2. 2. Иммуносупрессивті терапияны (ИБП) алғаш рет бастаған адамдар,
  3. Шетелге оқуға интернатураға шығу кезінде медициналық тексеруден өтетін тұлғалар (халықаралық болашақ стипендиясы жане т.б.) 

Тест тапсыру үшін науқас аш қарынға келуі керек, сонғы тамақтан кейін кем  дегенде 8 сағат өткен болуы керек. Бұл кезеңде тек таза суды ішуге рұқсат етіледі.

Зерттеуге арналған материал:  Венадан алынған қан.

Материалды жинау, сақтау және тасымалдау ережелері:

  1. 1. Веноздық қан литий гепарині немесе натрий гепарині 5 мл (жасыл қалпақ) бар  бір қан жинау түтігіне жиналады. Жинау кезіндегі түтіктердің температурасы 17-25°С болуы керек.
  2. Қан алғаннан кейін түтікшені мұқият төңкеру керек (8-10 рет). қанның антикоагулянтпен мұқият араласуын қамтамасыз ету үшін.
  3. Түтікке белгі қою (наукастың аты-жөнін, қан алу күні мен уақытын көрсету).Тасымалдау температурасы 17-27°С болуы керек.
  4. Қан алынған сәттен бастап 16 сағаттан кешіктірмей зертханағажеткізілуі керек.
  5. Қанды тасымалдағанда температураны бақылау үшін термометрі барыдыста орналасқан штативте тік қалыпта жүргізілуі керек. Зертханада қан 4 түтікке құйылып,16-24 сағат термостатта инкубация жасалынады, 16-24 сағаттан кейін анализаторда зерттеу жүргізіліп, нәтижиесі беріледі.

Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директор у.м.а Бекболатова Гүлжанат Султановна Республикалық референдумға қатысып өз таңдауын жасады.


Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығында ем қабылдап жатқан науқастарда  Республикалық референдумға қатысып өз таңдауын жасады.

       


Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша 2023-2025ж. арналған гранты аясында 2019 жылдан бастап, 2024 жылдың аяғына дейін Қазақстан Республикасында Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша шағын гранттарын ұтып, ҮЕҰ Мейрім Казакстан Қоғамдық Қоры туберкулездың алдын алу мақсатында яғни осал топтар арасында жұмыс атқарып келеді. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Жаһандық қордан ҮЕҰ-дар үшін арналған шағын грантты ұтып алып, бүгінгі күні келісім шартқа отырыпҮЕҰ Мейрім Казакстан Қоғамдық Қоры қызметінжалғастыруда.

ҮЕҰ Мейрім Казакстан Қоғамдық Қорыамбулаторлық емделуде жүрген нысаналы топтардың арасынан туберкулезбен ауыратыннауқастарды әлеуметтік қолдауды ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетуде, яғни амбулаторлық емделуде жүрген нысаналы топтардың арасынан бірқатар емделушіге, дәрілерін уақытылы ішіп жүру үшін, амбулаторлық емделушілерге жолақысын - 5000 тенгеден төлеп отыр. 

Сонымен қатар, ҮЕҰ Мейрім КазакстанҚоғамдық Қоры келісім шартқаФтизиопульмонология Орталығыменде жақсақтап отыр. Бүгінгі күні Мониторинг және Бағалау тобының жетекшісі Абишев Серик Табылдиевичтың қатысуымен амбулаторлық емделуде жүрген нысаналы топтарға жататын науқастарды шақырып кездесу ұйымдастырды. Кездесуде ҮЕҰ Мейрім КазакстанҚоғамдық Қорының фтизиатр дәрігері, социальный работник, психологы және аутричтер қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. 

Атырау облыстық фтизиопульмонология орталыгының Мониторинг және Бағалау тобының, мамандары Қызылқоға ауданыңа 18-20.09.2024ж аралығында жоспарлы іс-сапарға Мұқыр және Сағыз, дәрігерлік амбулаториясына және Миялы орталық ауруханасына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін  әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. 

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға  деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.