Қош келдіңіз
AA+
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Ақылы қызмет
Қош келдіңіз
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы

2025 жылдың 6 - 7 ақпанында Алматы қаласында «Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны іске асырудың 2024 жыл бойынша қорытындылары» Республикалық үйлестіру кеңесі өтті 

2025 жылдың 6 - 7 ақпанында Алматы қаласында ҚР ДСМ, ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, Жаһандық қордың жобаларын іске асыру тобының (ЖҚ ЖІАТ), «Қазақстан фтизиопульмонологтары қауымдастығы» ҚБ және «Денсаулық жолындағы серіктестер» халықаралық ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны іске асырудың 2024 жыл бойынша қорытындылары» Республикалық үйлестіру кеңесі өтті. Аталған кеңеске Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы директоры Б. З. Газизов және ұйымдастыру әдістеме бөлімінің меңгерушісі К. Х. Габдуллина қатысты. Жиында туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаның тиімділігіне әсер ететін мәселелер және басым бағыттардағы мәселелерді шешуді жоспарлау барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы мақұлдаған «End TB» стратегиясын басшылыққа алу мәселелері талқыланады. Бұл стратегияның ұраны – «Туберкулезден азат әлем» (туберкулезбен ауыруды, одан көз жұмуды тоқтату). 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2023 жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасында тұрақты эпидемиологиялық ахуал байқалады: туберкулезбен ауыру көрсеткіші 4 % - ға өлім - жітім 16,6% және оның таралуы 5,5% - ға төмендеген. Сонымен қатар туберкулезге қарсы іс - шаралар менеджментіндегі жаңа және өзекті тақырыптар сөз болады. Қазақстанның фтизиопульмонология қызметін жаңалау, балалар туберкулезін, туберкулез инфекциясын, дәріге төзімді туберкулезді анықтау, диагностика жасау және емдеу, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жұмысының қорытындысы және фтизиопульмоноогиялық қызметті дамыту мүмкіндіктері талқыланады. Туберкулезді және дәріге төзімді туберкулезді, туберкулез инфекциясын емдеу тиімділігін одан әрі жақсарту, және End ТB стратегиясы аясында «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» Әріптестігін дамыту және сектораралық ынтымақтастықты өркендету туралы ұсыныстар күн тәртібіне шығады.