МСАК мекемелеріндегі туберкулезбен күрес шараларына бақылау жүргізу
2024 жылдың 2-3-ші сәуір аралығында Атырау облыстық Фтизиопульмонология орталығының Бақылау және бағалау бөлімінің мамандары Геолог,№5 қалалық емханалардағы туберкулезбен күресу бойынша іс - шараларға бақылау жүргізіп, бақылау нәтижесі бойынша емханалардың мамандарын жұмыс орнында оқытты. Жүргізіліп жатқан жұмысқа жүйелі түрде бақылау жүргізіп, үйлестіру мен талдау туберкулезге қарсы атқарылып жатқан іс - шаралардың сапасын арттыратыны сөзсіз. Бақылау барысында медициналық құжаттар қарап - тексеріледі, деректер жиналып, медициналық ақпараттық жүйедегі ақпараттың толықтығы мен уақытылы жазылуы инфекциялық бақылау тексерілді Әрбір емдеу мекемесінің атқарып жатқан іс - шаралары индикаторлық негізде бағаланып, белгіленген стандарттарға сәйкестігі тексеріледі. Бақылау нәтижелері бойынша анықтама жазылып, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған іс - шаралар ұсынылады. Келесі жолы бақылау жүргізілген кезде ұсынылған шаралардың орындалу барысы бағаланады. Сонымен қатар, жұмыс сапасын жақсарту мақсатымен қашықтықтан бақылау және бағалау да жүргізіледі, яғни онлайн тәртіпте ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, туберкулезге қарсы іс - шаралардың деректері жүйелі түрде жиналып, талданады. Аталған шаралардың басты мақсаты – МСАК деңгейінде атқарылатын туберкулезге қарсы іс - шаралардың сапасын жақсарту және арттыру, соның нәтижесінде туберкулез ауруын ерте анықтау, тиімді емдеу, ақпараттық - ағарту шараларымен қамтылған тұрғын халықтың санын арттыру және қаламызда туберкулезге шалдығу деңгейін мүмкіндігінше төмендетіп, «Zero TB cities» бастамасының мақсатына қол жеткізу.