Қош келдіңіз
AA+
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Ақылы қызмет
Қош келдіңіз
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы

2025 жылдың 30 - шы қаңтарында Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының (әрі қарай - Орталық) базасында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының №9 н/қ 13. 01. 2025 ж. , «Атырау обаға қарсы күрес станциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің №60 10. 01. 2025 жылғы 2025 жылғы бұйрығына сәйкес карантиндік инфекциялар (оба, тырысқақ) бойынша оқыту семинары мен жаттығу сабағы орталық дәрігерлері және орта буын медицина қызметкерлеріне өткізілді. Семинарға «Атырау обаға қарсы күрес стансасы» РММ дәрігер эпидемиологтары Амиржанов Е. А. , Нурбаева У. Н. қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады. Олар дүние жүзіндегі, Қазақстан Республикасы және Атырау облысы аумақтарындағы эпизоотологиялық, эпидемиологиялық ахуалдарға тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №ҚР ДСМ – 116 бұйрығымен бекітілген «Инфекциялық аурулардың «обаның тырысқақтың) алдын алу бойынша санитариялық – эпидемияға қарсы іс – шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына және басқа нормативтік әдістемелік құжаттарға сәйкес оба мен тырысқақтың клиникасы, диагностикасы, алдын алу шараларын жүргізуге қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптар туралы толық ақпарат берді. «Тырысқақпен науқас (күдікті) анықталған жағдайдағы әрекеттер алгоритмі» бойынша оқу - жаттығу өткізілді. Оқу - жаттығуға Атырау обаға қарсы күрес станциясы қызметкері, АОФО басшылары мен мамандары қатысты. Оқу - жаттығудың мақсаты тырысқаққа күмәнді науқас анықталған жағдайда бірге әрекеттерді пысықтау, жаттығудың мақсатын тексеру және бағалау болды. Жаттығу барысында тырысқаққа күмәнді науқас анықталған жағдайда бірге әрекет етудің шаралары жасақталды. Барлық қатысушылар тырысқаққа күмәнді науқас анықталған жағдайдағы алдын алу және індетке қарсы шараларды жүргізу туралы нұсқамалар алды. Оқу - жаттығудың нәтижелері бойынша қатысушылардың іс - қимылдарын бағалау хаттамасы толтырылды.