Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылдың 03 қыркүйек №498 «Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған электрондық денсаулық сақтау дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» бұйрығын орындау мақсатында ШЖҚ КМК «Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде» туберкулездің алдын-алу анықтау және емдеу мақсатында рентген диагностикасының «Құзыреттілік орталығы» 2018 жылдың қазан айынан бастап ашылды. Бұл «Құзырет орталығы» көкірек қуысының туберкулезін және басқада ауруларды дер кезінде анықтап, асқынбай тұрған мезгілде емдеу.
ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 26 қарашадағы №732 бұйрығының 109-1 бабының талаптарына сәйкес «БМСК ұйымдарында рентгенснимкасын талдау екі кезеңде жүргізіледі» (қос оқылым), осы орталық арқылы екінші оқуын іске асырып, кеңес беріледі.
Қазіргі таңда орталыққа 4 емхана (1,3,5,7) және Қызылқоға аудандық емханасы қосылып, рентгенге түскен адамдардың флюратүсірілімдері 2-ші рет оқылуда.
Ағымдағы жылдың қазан айында Денсаулық сақтау басқарма басшысы М.Аймурзиева, Атырау облыс әкімінің орынбасары Н.Сайлауова, Облыс Емханаларының директорлары қатысуымен және ҚР Денсаулық сақтау Министрі Е.Біртанов Атырау облысында жұмыс жоспарымен келген уақытында біздің мекемемізге жаңадан ашылған рентген диагностикасының Құзыреттілік орталығына уақыт тауып келіп, оң баға беріп, табыстар тілеп кетті.