Туберкулез әлі де денсаулық сақтау саласындағы аса қауіпті жаһандық мәселе болып қалуда және әсіресе халықтың осал топтарына жататын адамдардың өмірін қиюда. Дегенмен, Сіздің көмегіңізбен және әрқайсымыз белсенді қатысу арқылы осы жағымсыз құбылысқа тосқауыл бола аламыз.
Қазір өмірдің барлық саласында белсенді трансформация мен инновацияның уақыты келді. Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған айлық аясында Қазақстанның Стоп ТБ Ұлттық Серіктестігінін (СТБҰС) Секретариаты атынан ТБ індетінен таза елде өмір сүруді армандайтын әр адамды «Бірге туберкулезді жеңе аламыз» челленджіне қосылуға шақырады.
СТОП ТБ Серіктестігі — әрқайсымыз үлесімізді қоса алатын алаң. Бұл алаңда біз білгенімізді ортаға саламыз, қажет ақпарат пен тәжірибе алмасамыз, бір бірімізге қолдау білдіреміз. Бұл – әлеммен бірге болып «Иә, біз ТБ жеңе аламыз» ортақ ұранымен тізе қосатын жаһандық қозғалыс.
#ҚазақстанныңСтопТБСеріктестігі #ЧелленджСтопТБ #СтопТБ #ҚФҚ #ҰФҒО
Челленджімізге қалай қосыла аласыз?
- Туберкулезден жазылу жөніндегі қызық оқиға туралы немесе ТБ жеңуде өзіңізге немесе жақындарыңызға көмектескендерге алғысыңыз жайлы бейнематериал немесе жазба жариялаңыз.
- «ТБ туралы оқулар» сайысына қатысыңыз. Бұл үшін әлеуметтік желілерде кез келген тілде ТБ туралы ғылыми-көпшілік немесе көркем шығармадан, белгілі сарапшылардың Қазақстандағы және әлемдегі ТБ туралы мақалаларынан үзінді оқып, бейнеролик (3 минуттан ұзақ емес) жариялаңыз. Міндетті түрде ҚР ҰСТБС (@qaztbstop), ҚР ҰФҒО (@nncf_mz_rk) және «ҚФҚ» ҚБ (@kaf.2020) инстаграм парақшаларына сілтеме жасаңыз. Мерзімі – 2024 жылдың 1 мамырына дейін. Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді. Суперсыйлық – 7 күнге шетелге саяхат. Жеңімпаздарды сайыс шарттарын толық орындағандардың арасынан 2024 жылдың маусымында рандом тәсілімен анықталады. Сайыстың нәтижесі туралы мәліметтер СТБҰС сайты мен инстаграмында жарияланады.
Қазақстанның СТОП ТБ Ұлттық Серіктестігіне қосылыңыз! Бәріміз бірге ТБ індет ретінде тоқтата аламыз!