Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының Мониторинг және бағалау тобының мамандары туберкулезге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу мақсатында 2025 жылдың 18 маусымында Дамбы дәрігерлік амбулаториясына мониторинг жүргізіп, мамандарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті. «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ – 214/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ДСМ 11.04.2025 №35 бұйрығы таныстырылды.