Атырау облысы Денсаулық сақтау баскармасының қолдауымен фтизиопульмонология орталығының бас мейірбекесі Бағитова Батима Уразбаевна Германия елінің Дюссельдорф қаласында білімімен тәжірбиесін шыңдай түсті.
Шет елде "Мейіргерлік іс және менеджмент. Дәрігер мен науқас және оның туыстарымен сенімді серіктестік. Этика және биоэтика" тақырыптарында кәсіби біліктілігін арттырып қайтқан маман екі елдің,медицина саласындағы өзара ұқсастығы мен жаңалықтарын әріптестерімен бөліспек ниетте!
- Осы орайда, Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасына ерекше алғысымды білдіре отырып медицина саласына әліде зор үлесімді қосып,алған білімімді шыңдай түсемін.