2025 жылдың 24 ақпанында Атырау облысы коммуникациясының өңірлік қызметінің алаңшасында «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні: Атырау облысы бойынша туберкулезге қарсы қабылданған іс шаралар және атқарылған жұмыстар» туралы тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Атырау облысы коммуникациясының өңірлік қызметінің алаңшасында 2025 жылдың 24 ақпанында «Атырау облысы бойынша туберкулезге қарсы күрес жағдайы және Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні» туралы тақырыбында баспасөз конференциясы өткізіледі. Брифингке Газизов Байтолла Закарьяевич – Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы директоры, Бекболатова Гүлжанат Сұлтановна – Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары қатысты
Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтеді және айлық басталады. Биылғы жылы ұраны: «Ия, Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттейміз, қаржы құямыз, әркет етеміз». Бұл күні туберкулезді қоғамдық денсаулықтың ауыртпалығы ретінде жою жолында одан әрі ілгерілеу үшін саяси және әлеуметтік міндеттемені жұмылдыру және туберкулез туралы хабардар болуды және бүкіл әлемде аурудың алдын алу және емдеу бойынша күш-жігерді арттыруға бағытталған. Айлық аясында республика көлемінде туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу тақырыптарында ақпараттық науқандар, ғылыми-тәжирибелік конференциялар, мектептер мен жоғары оқу орындарында дәрістер ұйымдастырылып, бірлескен жұмыс жүргізіледі.
Облыс бойынша туберкулездің тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық жағдайы 1,7 есеге төмендеген, яғни 2015 жылы 100 мың халыққа шаққандағы туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 78,6 болса, 2024 жылғы көрсеткіш 44,5 құрады. Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 2,6 есеге төмендеген, яғни 2015 жылы туберкулезден өлім көрсеткіші 2,9 болса, 2024 жылдың қорытындысымен 1,1-і құрады.
Белсенді топтағы науқастар саны соңғы 10 жылда 3,1 есе төмендеген (2014 жылы -1415 науқас, 2024 жылы – 455) . Бүгінгі күнді туберкулезбен белсенді топта 455 науқас диспансерлік есепте тұр.
2024 жылы 12 айда туберкулезбен жаңадан ауырған 315 науқас тіркелген, ал 2023 жылдың осы кезеңінде 318 науқас тіркелген. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 45,6-дан 44,5-ке дейін 2,4%-ға төмендеген. Облыстық көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 1,3 есе жоғары (2023ж. – 1,3 есе жоғары).
2024 ж. 12 айда туберкулезден өлім көрсеткіші 1,3-тен 1,1-ге дейін 15,4%-ға төмендеген. 2024 ж. 12 айда туберкулезден 8 науқас қайтыс болса, ал 2023 ж. осы кезеңде 9 науқас.
Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының төсек қоры 2024 жылдың қаңтарын айында 170 кереуетті құрады. Жыл бойына Атырау облысы ДСБ-ның бұйрықтарына сәйкес төсек қоры 85 кереуетке қысқартылып, бүгінгі күні орталықтың төсек қоры 85 кереуетті құрайды, оның 80-і туберкулезді бейінді кереуеттер, ал 5-і торакальды бейінді кереуеттер. Алдағы уақытта 20 кереуеттік ересектерге арналған пульмонология бөлімін ашу жоспарлануда.
Туберкулезді ерте анықтау үшін диагностиканың халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи әдістері қолданылуда. Барлық облыстық, қалалық және өңірлік туберкулезге қарсы ұйымдардағы бактериологиялық зертханаларда туберкулезді және дәрілерге төзімді туберкулезді тез диагностикалау (2 сағат ішінде) бойынша алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар енгізілді: Genе-Хpert, BACTEС MGIT-960, XDR, Bioneer. Облыс көлемінде жұмыс атқаруда.
Туберкулез уақытылы анықталып, емделген жағдайда, одан толық айығып кетуге болады. Туберкулез микобактерияларын бөлмейтін және қоршаған ортаға қауіп тудырмайтын науқастар тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларда амбулаториялық жағдайда ем қабылдайды.
2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша облыста жаңа жағдаймен есепке алынғандар арасында амбулаториялық жағдайда ем қабылдауды бастаған туберкулезге шалдыққан науқастардың үлес салмағы 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 73,1%-дан 86,1%, яғни 17,7% өскен. Облыста туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу нәтижелілігі айтарлықтай жоғары. Атап айтсақ, облыс бойынша дәріге сезімтал туберкулезге шалдыққан науқастардың сауығып кетуі, яғни 2023 жылдың ем нәтижесі бойынша 93,1% құрады (стандарт 85% кем емес). Ал, дәріге төзімді туберкулезге шалдыққан науқастардың сауығып кетуі, яғни ем нәтижесі жағдайы 2021 ж. когортасы бойынша 85,6% (стандарт 75% кем емес) құрайды.
Атырау облысында 2015 жылдан бастап жергілікті мәслихат шешімімен бекітілген ережеге әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратындарға отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысын есепке алмай, ай сайын әлеуметтік көмек төлеу туралы өзгерістер енгізілді. Туберкулез ауруына шалдығып, амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген емделушілерге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек төленді. Облыс бойынша 2024 жылы 764 адамға жергілікті бюджеттен 249,0 млн. теңге қаржы төленді. Бұл туберкулез ауруын алдын алуға қаралған қаражаттың 12,2 пайызын құрайды (стандарт 4 %).
Сонымен қатар, Қазақстанда туберкулезді алдын алу, диагностикалау мен емдеу тегін және ол мемлекет есебінен жүргізілетіндігін ескерте кету қажет. Тез диагностикалау әдістері мен тиімділігі жоғары дәрі-дәрмектер арқасында туберкулезді толығымен емдеуге болады. Туберкулезді еңсеріп, айығып кеткен адамдар оқып, еңбек етіп, дүниеге дені сау сәбилер әкеліп, мәнді де мағыналы өмір сүре алады.