Қош келдіңіз
AA+
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Ақылы қызмет
Қош келдіңіз
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы

2025 жылғы  8 шілде күні «Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі- Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мақсатында барлық бөлімше басшыларымен фтизиатр дәрігерлер, дәрігер қызметкерлермен жиналыс өткізілді.

Атырау облыстық фтизиопульмонлогия орталығының директоры Б.Газизовтың 2025 жылғы 19 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы ШЖҚ КМК (бұдан әрі –Кәсіпорын) 2025  жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзушылықтар көріністерінің алдын алу бойынша іс – шаралар жоспарына сәйкес түсінік жұмыстары жүргізілді.

Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұбузушылықтар көріністерінің алдын-алу бойынша ішкі талдау бойынша құрылған жұмыс тобының құрамы өзгертілді.

Бұдан әрі, директор Б.Газизов - Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 06-01-07-05-1/737 санды хатына сәйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Р.Серікқалиевпен келісілген «Атырау облысы жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі медиицналық техниканы сатып алу және оның халыққа қол жетімдігі, медиицналық ұйымдар қызметкерлерініңеңбекақы қоры, медициналық мекемелердің құрылыс-жөндеу жұмыстары мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс – шаралар жоспары»- мен таныстырылды, және де алға қарай Сыбайлас жемқорлық тәуекелдрін жою бойынша атқарылатын шараларды жеке – жеке талдау жасап, орындаушылықтар бойынша тиісті шаралар жүргузу, алдын алу жұмыстарын атқаруды тапсырды.

Жиналыс барысында Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының комплаенс офицері А.Уразимбетова Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларының баптарына тоқталды.

Сонымен қатар, Атырау облысы әкімдігі жаныдағы Құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2024 жылғы 15 желтоқсандағы № 5 хаттамасымен берілген тапсырмаларға тоқталды.

Жиналыста сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Жиналыс барысын қорытындылай келе Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралан нығайту жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу алға қарайда тиісті деңгейде жүргізілетіні мақұлданды.

Қызметкерлерге  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселері бойынша түсіндіру қажеттілігінің маңызы зор екендігі жеткізді.

Комплаенс офицер

А.К.Уразимбетова