Қош келдіңіз
AA+
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Ақылы қызмет
Қош келдіңіз
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы

2025 жылдың 28 тамызында Атырау қаласында, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәжіліс залында Жаһандық қордың қолдауымен «Қазақстанда туберкулезді тоқтату» серіктестігін дамыту, Атырау облысындағы азаматтық қоғам өкілдерінің және шешім қабылдаушы тұлғалардың қатысуымен туберкулез ауыртпалығын төмендетуде азаматтық қоғамның рөлін күшейту бойынша адвокациялық кездесу өтті.
Адвокацияляқ кездесудің мақсаты: шешім қабылдаушы тұлғаларды туберкулез саласындағы Үкіметтік емес ұйымның (бұдан әрі – ҮЕҰ) қызметі туралы хабардар ету және Қазақстан Республикасында туберкулез аурушаңдығын төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен және туберкулезге қарсы күрес бағдарламасының серіктестерінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (бұдан әрі – МӘТ) пен гранттар бөлудің өзекті мәселелерін талқылау.
Жиналыс төрағасы Атырау облысы әкімінің денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларына жетекшілік ететін орынбасары Бисембиев Ж.О.
Кездесуге қатысқандар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология орталығының директоры Аденов М.М., Қазақстандағы «Стоп ТБ» ұлттық серіктестігінің төрағасы Исмаилов Ш.Ш., «Жаһандық қор» жобасының үйлестірушісі Мусабабекова Г.А., «Жаһандық қор» жобасының маманы Т.Р.Маркабаева, Атырау облысы денсаулық сақтау басқарма басшысы Абдалиев Қ.Қ. Атырау облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Абилова А.И., Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Ғазизов Б.З., Облыстық Мәслихаттың депутаты, «Аманат» партиясының Атырау облысы бойынша филиалының өкілі, Атырау облыстық онкологиялық диспансердің директоры Сапарова Э.Г., Қалалық Мәслихат депутаты. №7 Атырау қалалық емханасының директоры Таңбаев Г.А.
Сонымен қатар жиналысқа қатысқан: Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары А.Б.Тулегагариева, Облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ғалымов М.М., Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Г.А.Ербатырова, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Кайреденова З.Ж., Облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының басшысы Құдаманова А.Б., Облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Кыдырсихов Е.Е., «Мейірім Қазақстан» ҮЕҰ-ның директоры Абдрахманова Д.Ж.
Адвокациялық кеңесте келесңестеі баяндамалар тыңдалып, назарға алынды:
1. Өңірдегі 2024ж. және 2025 ж. 7 айы бойынша туберкулез жөніндегі эпидемиологиялық жағдай.Атырау облысында «Стоп туберкулез» Ұлттық серіктестік бөлімін дамыту (Газизов Б.З. – Атырау облыстық фтизиопульмонолгия орталығының директоры.
2. 2024ж. және 2025ж. 7 айда Атырау облысында туберкулез ауыртпалығын азайтудағы Үкіметтік емес ұйымдар рөлі мен үлесі («Мейірім Қазақстан» ҮЕҰ-ның директоры Абдрахманова Д.Ж.)
Отырыс барысында туберкулезге қарсы МӘТ-ы дұрыс бөлу туралы; денсаулық сақтау қызметтерін тиісінше бөлу, «Стоп ТБ» ұлттық серіктестігінің өкілдігін ашу, Атырау облысындағы ҮЕҰ-ың және басқа да серіктестерінің әлеуетін нығайту мәселелері талқыланып, пікір алмасу болды.