2025 жылдың 11 маусымында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Атырау қалалық жастар ресурстық орталығы және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «MEDICAL QUIZ» зияткерлік сайысы болып өтті.
Медицина қызметкерлері күніне орай 35 жасқа дейінгі жас медицина қызметкерлері арасында ұйымдастырылған бұл сайыс ынтымақтастықты нығайту, кәсіби білімі мен тәжірибені арттыру мақсатын көздейді. Облыстың емдеу-сауықтыру мекемелерінен жинақталған 23 командадан 115 денсаулық сақшысы қатысқан сайыстан Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының командасы жүлделі 5 орынға ие болды.