Қош келдіңіз
AA+
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Ақылы қызмет
Қош келдіңіз
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы

2025 жылдың 13-14 наурыз аралығында Алматы қаласында ҚР ҰФҒО және ЖҚ ЖІАТ ұйымдастыруымен мониторинг және бағалау тобы жетекшілеріне арналған тренинг өтті.

2025 жылдың 13-14 наурыз аралығында Алматы қаласында ҚР ҰФҒО және ЖҚ ЖІАТ ұйымдастыруымен облыстық мониторинг және бақылау (МжБ) топтарының басшылары мен мамандарына арналған ақпараттық жүйелерді көмегімен жасалған МжБ жаңаланған моделі бойынша тренинг өтті.

Аталған тренингке Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобының жетекшісі Абишев Серік Табылдиевич қатысты. Тренингтің мақсаты ақпараттық жүйелерді пайдалану жөннідегі өңірлік топтардың әлеуетін күшейту, Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы бағдарламаның мониторингі мен бағалау жүйесінің тиімділігін арттыру үшін өңірлерде жаңартылған МжБ моделін енгізу бойынша өзара тәжірибе алмасу.

Тренинг барысында 2024 жылғы Қазақстан Республикасындағы ҰТБ жұмысын бағалау бойынша ДДСҰ Миссиясының нәтижелері, ТБ бағдарламаларға МжБ-ның ақпараттық жүйесіндегі өзгерістер, жасанды интеллект: туберкулезді анықтау мен диагностикалаудың жаңа тәсілі, Қазақстанда СТОП ТБ серіктестігін дамыту: жаһандық және ұлттық стратегиялар талқыланды.