2024 жылы «Біз туберкулезді жеңе аламыз» ұраны атты . Туберкулез ауыртпалығын азайту бойынша 2024 жылдың мақсаттарына бірге жетеміз!». Өзіңізден, өмір салтыңыздан, алдын-алу шараларынан бастау керек. Ең бастысы: аурудың алғашқы белгілерінде дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Уақытылы анықтау және үздіксіз емдеу кезінде туберкулезді толық емдеуге болады. Туберкулезбен ауырған адамдар айналасындағыларға қауіп төндірмей, оқи алады, жұмыс істей алады, дені сау бала туып, толыққанды өмір сүре алады.
Айлық аясында фтизиатрлардың, фтизиопедиатрлардың консультациялары, еліміздің халқын флюорографиялық тексеру, кең ауқымды науқандар жоспарланған. Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарлама қазақстандықтарды Қазақстандағы туберкулездің ауыртпалығын төмендетуге, 2024 жылғы мақсаттарға қол жеткізуге өз үлесін қосуға шақырады!