2026 жылы 5 ақпанда Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының 26.01.2026ж. «2025 жылғы медициналық ұйымдармен атқарылған қорытынды жұмыстары бойынша медициналық кеңесті өткізу туралы» №14-н/қ бұйрығына сәйкес Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының мәжіліс залында 2025 жылғы Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығымен атқарылған қорытынды жұмыстары бойынша медициналық кеңесі өтті.
Медициналық кеңеске қатысқандар:
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары А.Г. Джангалиева
ҚР ДСМ Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Атырау облыстық филиалының директоры Б.Е. Ережепов
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департамент директоры А. И. Абилова
Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Утепкалиева Ж. М.
«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрайымы Кашкенова М.Т.
Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Б. З. Газизов
Атырау қалалық алалық МСАК ұйымдардың, аудандық ауруханалардың басшылары, фтизиатр және фтизиопедиатр дәрігерлері
Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары.
Медициналық кеңесте талқыланған мәселелер:
«Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының 2025 жыл қорытындысы және 2026 жылға жоспары» – баяндаушы Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Б.З. Газизов
«Атырау облысында 2021 -2025 жылдары туберкулез инфекциясын анықтаудың және профилактикалық емдеудің сараптамасы» – баяндаушы Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының Мониторинг және бағалау тобының жетекшісі, ДСБ-ның штаттан тыс фтизиопедиатр М. Т. Шуакбаев.

