Қош келдіңіз
AA+
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Ақылы қызмет
Қош келдіңіз
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы

2025 жылдың 21 шілдесінде Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша облыстық Аппараттық кеңес өтті. Аппараттық кеңеске барлық БМСК ұйым басшылары, Атырау облысының Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы, ҚР ДСМ «С.Қайырбекова атындағы ұлттқ ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облыстық филиалы директорлары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Б.З.Газизов «2025 жылғы 6 ай қорытындысы бойынша Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының атқарылған жұмыстары туралы», АОФО мониторинг және бағалау тобы жетекшісі С.Т.Абишев «2025 жылдың 6 айындағы Атырау облысындағы туберкулезге қарсы атқарылған жұмыстар», АОФО фтизиопедиатры, облыстағы штаттан тыс бас фтизиопедиатр М.Т.Шуакбаев «2025 ж. 6 айдағы Атырау облысы бойынша балалар арасындағы ТБ сырқаттанушылық көрсеткіші. БЦЖ вакцинациясы, Манту сынамасы орындалысы.ТБ науқаспен қарым катынастағы және туберкулезге қауіпті топты тексеру және профилактикалық емдеумен (ПЕ) қамту» тақырыптары бойынша баяндама жасап, сұрақтармен талқыланып, шешім қабылданды.