Қош келдіңіз
AA+
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Ақылы қызмет
Біз сіздің сұрауыңызды алдық және оны жақын арада өңдейміз! Өкінішке орай, сұрауыңызды өңдеу мүмкін болмады.
Сұрақ-жауап
Қош келдіңіз
«Атырау Облыстық Фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/atyrau-opd.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

Байқау кеңесі Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы ШЖҚ КМК директорының бос лауазымына конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінен қорытындысымен әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімін жариялайды:

ГАЗИЗОВ БАЙТОЛЛА ЗАКАРЬЯЕВИЧ

Әңгімелесудің өтетін орны: Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығы, уақыты 20 желтоқсан 2024 жыл, сағат 16:00.


 

Атырау облысы коммуникациясының өңірлік қызметінің алаңшасында 2018 жылдың 23 ақпанында «Атырау облысы туберкулезге қарсы күрес жәйі және туберкулездің бизнеске ықпалы» туралы тақырыбында баспасөз конференциясы өткізіледі. Брифингте Сағиев Жаңабай Нұғымашұлы – Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директоры, Бекболатова Гүлжанат Сұлтановна – Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, Қуанышова Ақбаян Хасенқызы – облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің ұйымдастыру-әдістеме бөлімі меңгерушісі қатысты.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.05.2014 ж. №597 «Қазақстан Республикасында туберкулезбен күресу жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығының облыстағы туберкулез мәселелерін шешу жөніндегі тапсырмаларын нақты түрде орындау жұмыстары атқарылды.
Ұлттық Бағдарламаны орындау мақсатында Қазақстанда туберкулезді интеграциялық бақылау жөнінде 2016-2025 жылдарға арналған стратегия қабылданып,  интеграцияның салалас бағыты бойынша және ҚР ДСӘД Министрлігінің 29.12.2014ж. «Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы ұйымдарындағы төсек қорына кезең кезеңмен оңтайландыру және қайта бейіндеу туралы» №357 бұйрығын басшылыққа алып,  2014 ж. облыс бойынша  тәулік бойы жұмыс жасайтын 680 төсек қорымен 6 туберкулезге қарсы мекемелері облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне 2016 жылы  топтастырылды. Осы уақытта  көптеген және кең ауқымды дәріге төзімді (бұдан әрі-К/АДТ ТБ) емдеу бөлімдерін облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансеріне топтастырылды,  мұнымен қатар төсек қорын тиімді пайдалану, кезең-кезеңмен оңтайландыруды және қайта  бейіндеуді жүргізу, инфекциялық бақылау талаптарына сәйкестендіру мақсатында 2014-2017ж.ж. облыста 370 төсек оңтайланып, 2018 жылға 310 төсек қалдырылды, оның ішінде: К/АДТ ТБ -160,  көптеген дәріге сезімталдығы сақталған МБТ+ науқастарға-50, ота бөлімі-30,  балалар бөлімі-30 (15 төсек К/АДТ ТБ), Мақат ауданында мәжбүрлеп емдеу-15, паллиативтік көмек-25 төсек жұмыс жасауда және деңгейлес бағыты бойынша диспансер бөлімі мен туберкулез кабинеттерін БМСК жүйесі мекемелеріне толық ауыстырылды. 
Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2017-2018 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес, Қазақстан 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Туберкулездің таралуы» («Tuberculosis incidence») факторы бойынша өзінің жағдайын 2016 жылмен (138 елдің ішінен 92-орын алған) салыстырғанда 2 позицияға жақсартты және 138 елдің ішінен 90-орын алды.
Облыс бойынша туберкулездің тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Соңғы 10 жылда туберкулезге шалдығу жағдайы 2,8 есеге төмендеп, 2017 жылы  100 мың халыққа шаққанда 2007 жылғы 181,9-ға қарсы 63,1-ді құрады. Өлім-жітім жағдайы 100 мың халыққа шаққанда 8 есеге төмендеп, 2,3-ті құрады.
Туберкулезді ерте анықтау үшін диагностиканың халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи әдістері қолданылуда.  Барлық облыстық, қалалық және өңірлік туберкулезге қарсы ұйымдардағы бактериологиялық зертханаларда туберкулезді және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезді тез диагностикалау (2 сағат ішінде) бойынша алдыңғы қатарлы инновациялық технологиялар енгізілді: BACTEС MGIT-960, Genе-Хpert. 
Туберкулез уақытылы айқындалып, бейілді емделген жағдайда, одан толық айығып кетуге болады.  Қазақстанда туберкулезді біріккен (интеграцияланған) бақылау стратегиясы жүзеге асырылуда. Яғни, туберкулез микобактерияларын шығармайтын және айналасындағы адамдарға қауіп тудырмайтын науқастар тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларда амбулаториялық ем қабылдайды. 2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша облыста амбулаториялық жағдайда ем қабылдауды бастаған туберкулезге шалдыққан науқастардың үлес салмағы 40,0%-ға өсіп, 53,2% құрады. Облыста туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу нәтижелілігі айтарлықтай жоғары.  Атап айтсақ, облыс бойынша алғаш айқындалған туберкулезге шалдыққан науқастардың сауығып кетуі2016 жылдың ем нәтижесі бойынша 92,9% құрады. Ал, көптеген дәрілерге көнбейтін туберкулез науқастардың ем жағдайы2014 ж. когортасы бойынша 78,1% құрайды.
Облыста туберкулезді жаңа дәрілермен емдеудің қысқа мерзімді схемалары енгізілуде. Күні бүгінге көптеген дәрілерге көнбейтін және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулезге шалдыққан 17 науқас жаңа дәрілерімен емдеугеалынды.
Атырау облысында 2017 жылы жергілікті мәслихат шешімімен бекітілген ережеге әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратындарға отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысын есепке алмай, ай сайын әлеуметтік көмек  төлеу туралы өзгерістер енгізілді. Туберкулез ауруына шалдығып, амбулаториялық деңгейде ем алып жүрген емделушілерге 10 айлық есептік көрсеткіш (22690 теңге) көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек төленді. Облыс бойынша 2017 жылы 1164 адамға жергілікті бюджеттен 164,3 млн. теңге қаржы төленді. Бұл туберкулез ауруын алдын алуға қаралған қаражаттың 13 пайызын құрайды (стандарт 4 %). Мақат ауданында тұрғын үйге мұқтаж 14 науқастың 6-ы үймен қамтылған. Сонымен қатар Құрманғазы ауданында 11, Қызылқоға ауданында 2 адам жұмыспен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, Қазақстанда туберкулезді алдын алу, диагностикалау мен емдеу тегін және ол мемлекет есебінен жүргізілетіндігін ескерте кету қажет.  Тез диагностикалау әдістері мен тиімділігі жоғары дәрі-дәрмектер арқасында туберкулезді толығымен емдеуге болады. Туберкулезді еңсеріп, айығып кеткен адамдар оқып, еңбек етіп, дүниеге дені сау сәбилер әкеліп, мәнді де мағыналы өмір сүре алады.  
Наурыз айында елімізде туберкулездің бизнеске ықпалы жөнінде, бизнес құрылымдары өкілдеріне сауалнама жүргізу түріндегі жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) сауалы өткізіледі. Қатысушылар қатарында шағын, орта, ірі бизнес өкілдері болады. ДЭФ сауалының қорытындысы бойынша халықтың туберкулез жөніндегі сауаттылық деңгейі бағаланады.    Бизнес басшыларының туберкулездің бизнеске ықпал ету қаупінің жоқ екендігін объективті түрде бағалауы  еліміздің бәсекеге қабілеттілік рейтингінің өсуіне және инвестиция тартудағы өзіндік тартымдылығының артуына септігін тигізеді.