11 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары К.Булеков және Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Б.Газизовтың төрағалығымен Құрманғазы ауданындағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы туралы отырыс өтті.
Жоспарлы жиынға Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры, облыстық мониторинг және бағалау тобының мамандары, аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, білім саласының басшылары және барлық ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобының мамандары Б.Имантаев және М.Шуакбаевқа,
Құрманғазы ауданында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобының жетекшісі С.Абишевке сөз берілді.
Құрманғазы ауданындағы ахуал бойынша аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Қожахметова және ауданындағы туберкулез ауруы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы орталық ауруханасының директоры С.Зулкашева баяндады.
Аудан тұрғындары үшін маңызды отырыста облыс бойынша эпидемиологиялық жағдайдың негізгі индикаторлары көрсетіліп, қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен сұрақтар тыңдалып, туберкулездің алдын алу бойынша кең көлемде талқылау өткізілді.