Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке - Алғыс айту күні құтты болсын! Өзінің бастауын 2016 жылдан алатын бұл күннің мән-мағынасы уақыт алға озған сайын артып келе жатқаны анық. Алғыс айту - жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас. Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының басшылығы мен «Сенім» кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Алғыс айту күні атап өтілді. Мекеме қызметкерлері алғыс хатпен марапатталып, «Kinesis Ortalygy» қозғалыспен оңалту орталығына сертификат табысталды.