Атырау облыстық

фтизиопульмонологиялық орталығы

A- A A+

Атырау облыстық

фтизиопульмонологиялық орталығы

КГП на ПХВ «Атырауский областной

центр фтизиопульмонологии» 

Добро пожаловать!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған шаралар

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ақпараттық-үгіт насихат жұмыстары жүргізуде.
Осы ретте, Агенттік Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде көзделген қаржылық тергеу, «integrity check» институты және мемлекеттік қызметшілердің шығыстары мен олардың кірістерімен сәйкестігін тексеру бастамалар бойынша түсіндірме бейне-роликтерді әзірледі.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
 
CAL-орталық 1424 қоңырау шалып тегін
#параберме

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі мен өңірлік департаменттерінде «Antikor оrtalyǵy» өз жұмысын бастады.

«Antikor оrtalyǵy» жемқорлық мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау алаңы болып табылады.

Antikor оrtalyǵy-ның мақсаты азаматтарды кедергісіз қабылдау және олардың өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін қолайлы жағдай жасау болса, міндеттері жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Antikor оrtalyǵy-ның функциялары:

- жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды қабылдау;

- уәкілетті органдар мен сотқа жүгінуде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне консультация беру және жәрдем көрсету;

- жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен құқықтық нормаларды түсіндіру.

Орталықтың жұмыс уақыты: дс-жм, сағ. 09:00-ден 17:00-ге дейін.