Атырау облыстық

фтизиопульмонологиялық орталығы

A- A A+

Атырау облыстық

фтизиопульмонологиялық орталығы

КГП на ПХВ «Атырауский областной

центр фтизиопульмонологии» 

Добро пожаловать!

«Адам әлеуеті деңгейін арттырудың маңызды бағыты дәрігерлік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен оның

Туберкулез, біз оның алдын алу жайында не білеміз    

                                                    «Адам әлеуеті деңгейін   арттырудың    

                                                 маңызды бағыты дәрігерлік қызмет    

                                                 көрсетудің  қолжетімділігі мен оның

                                                 сапасын арттыру, салауатты  өмір салтын  

                                                 алға бастыру   болып табылады»  

                                                  Президент Н.Ә.Назарбаевтың  

                                                       халыққа Жолдауынан

Қоғамда, өкінішке орай,  туберкулез жөнінде түсінік деңгейі төмен және ол емханалар мен амбулаториялардағы плакаттар мен айқын емес буклеттерден, сонымен қатар сиректеу берілетін телевидение арқылы және газеттердегі мәліметтерден қалыптасқан.

Туберкулез тек қана түрмедегі адамдар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың арасындағы дерт деген теріс түсінік те қоғамда орын алған.   

Еліміздің тәуелсіздік алғалы адами капитал, адам денсаулығы, Ұлттың салауаттылығы жөнінде бірнеше әлеуметтік бағдарламалармен қатар тұрғын халық арасында жұқпалы ауруларға қарсы күрес шаралары күшейтіліп келеді. Осы кешенді жұмыстар арқасында қәзіргі уақытта қөптеген аурулар       сиреп, кейбіреулері мүлде тіркелмейді.  Алайда,  қай жағдайда да біздің қазақ халқының қасіретті болған «Туберкулез ауруы»,  жұқпалы аурулар арасында  бүгінгі күннің  күрделі мәселелерінің қатарында есептеледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) сарапшылары ұсынған заманауи әдістер мен нұсқауларды қолдана отырып , ҚР президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы №3958 Жарлығына және ҚР Үкіметінің Қаулылары негізінде облыс көлемінде  біршама шаралар атқарылуда.

Туберкулезді, көптеген және кең ауқымды дәріге төзімді туберкулезді заманауи технологияны пайдаланып, тез арада анықтауды жетілдіру мақсатында генді- молекулярлық негіздегі G.Xpert  МТВ (Rif) қондырғысы іске қосылды, туберкулезге күдікті науқастардан жиналған қақырықтан туберкулезді, сонымен қатар дәріге сезімталдығын 2 сағат мерзімінде анықтауға, сонымен қатар «Bioneer» қондырғысы арқылы  барлық қолданылымдағы дәрілерге сезімталдығын анықтауға, нәтижесінде талапқа сай (адекватное лечение) емдеуге  облыс деңгейінде мүмкіндік туды.

Науқастарға психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету тұрақты  негізде қамтамасыз етілуде.  2017 жж. облыстық бюджеттен  1164 науқасқа 164,3 млн теңге,  2018ж. 6 айында 696 науқасқа 68,5 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Организмге туберкулез таяқшаларының енуі ауруға себепші болғанымен , оның толық дамуы үшін жеткіліксіз.  Адам ағзасының иммундық мәртебесінің әртүрлі себептермен төмендеуі жағдайында- қосымша аурулары (қант диабеті, тыныс жолдарының бейресми аурулары, иммунно-супрессивтік ем қабылдаушылар, ВИЧ- инфекциясын жұқтырғандар т.б., дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, дәрумендер тапшылықтары), санитариялық- гигиеналық жағдайлар сақталмауы және бактерия бөлетін науқаспен ұзақ уақыт араласуы. Әсіресе 3 жасқа дейінгі балаларға өте қауіпті, негізгі себеп-  туберкулезге қарсы туа біткен әлеует, антитела жоқ және тұқым қуалау арқылы балаларына берілмейді.   

Сондықтан,инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында Мемлекетімізде Ұлттық негізде екпе күнтізбесі қабылданған. Күнтізбеде әр екпе бойынша (қандай жұқпалы ауруларға қарсы),  жас шамасы және егу уақыты  көрсетілген.  Оның ішінде туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасын енгізу нәрестеге  туғаннан 2-4  күн аралығында перзентханада, уақытша медициналық қайшылықтар болған жағдайда жергілікті емханалар мен амбулаторияларды салынады. Уақытша қайшылықтарды жою мерзімі 2 айдан асқан жағдайда алдын ала Манту сынамасы салынып, туберкулез инфекциясының жұғуы анықталады. Вакцина Манту сынамасы теріс нәтиже берген сау балаларға ғана енгізіледі.

Еліміздің барлық жалпыға білім беру мекемелерінің бірінші сынып оқушыларына қыркүйек айында  туберкулез ауруының алдын алу шаралары аясында туберкулезге қарсы екпені екінші рет егу (ревакцинация) және Манту сынамасын  қою  жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аумақтық емханалардың жалпы тәжірибелік дәрігерлерімен бірге фтизиатр мамандарының қатысуымен арнаулы дайындалған мамандар жүргізеді. Бұл айда мектептерде басқа екпелердің жүргізілуіне тиым салынады және баланың туберкулез инфекциясына залалданғанын анықтау мақсатында Манту сынамасы алдын ала қойылады. Ревакцинация Манту сынамасы теріс нәтиже бергенде ғана , сонымен қатар басқа басқа қосымша аурулары жоқ  дені сау балаларға ата анасы рұқсаты арқылы салынады.  

 Соңғы мезгілде барлық екпелерге ата аналары келіспеушілігі орын алғаны жасырын емес. Облыс бойынша 2016-2017 жж. және 2018 жылдың 6 ай мезгілінде 1068  нәрестеге ата аналар келіспеушілігіне байланысты  туберкулезге қарсы вакцинация салынбаған. «Аяусыз иммундау» деген сөз тіркесі де пайда болған.  Екпеден бас тартушылардың 60 пайызы теріс ағымда жүрген ата аналар, немесе екпенің пайдасынан зияны көп деп ойлайтындар.  Екпенің құрамында бала организміне  кері әсер ететін  нәрселердің бар екенімен түсіндіреді. Шындығы: БЦЖ вакцинасы құрамында туберкулез микобактериясының  1,5 пайыз натрий глутаминат ерітіндісінде әлсіретілген  тірі штаммы. Натрий глутаминаты,  химиялық формуласы  C5H8NO4NaХH2O, немесе көміртегі, азот, натрий және су. Тамақ өнеркәсібінде  Е621 кодымен тамақтың дәмін келтіруге пайдаланылады, табиғи жағдайда сүт,  ет, жұмыртқа , көкөністер құрамында кездеседі.

БЦЖ вакцинасы баланы туберкулез ауруынан сақтай ма?  Ауырмауына 100 пайыз кепілдік бере алмайды, негізгі мақсаты туберкулездің қатерлі  мүгедектікке, не өлімге апаратын диссеминарлы және ми қабығы (менингит) туберкулезін болдырмау.

«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы  Қазақстан Республикасы Кодексінің 156 –бабына сәйкес барлық  Қазақстан Республикасы тұрғындары екпе салдыруға міндетті. Осы Кодекстің 93- бабы бойынша пациент немесе оның заңды өкілі мәжбүлі емдеу түріне жатпайтын екпеден өз еркімен бас тартуға құқықты.

Дін істері мамандарының тұжырымдап айтуына сәйкес шариғат екпеге қарсы емес, онда «Аманат» деген ұғым бар. Әрбір азаматтың да денсаулығы бізге берілген аманат, сондықтан денсаулықты инфекциялық аурулардан сақтау үшін екпе алу дұрыс деп есептейді.  Тағы да бүгінгі күннің шындығы, қажылық парызын  өтеушілер Сауд Арабиясы еліне барар алдында менингококк инфекциясына, полиомиелит және тұмауға қарсы егілуі шарт.

Қорытынды: Екпеден бас тарту- арандату, мұның астарында қоғамды бүлдіру жатыр деп есептелуі тиіс, ұрпақ туберкулез ауруынан таза болуы керек. 

 

                                                                            Мардашев Амирғали   

жоғарғы санатты фтизиатр,   

                                    облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері.